Ұлттық банктің есептік мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның ақша айырбастау пункттеріндегі сәуір айы бойынша шетел валюталарының сатылу көлемі наурыз айындағы деңгейде қалып отыр.
Ұлттық банктің мәліметінше, доллардың сәуірдегі сатылымы 876 миллион долларды құраған, наурыз айымен салыстырғанда ол 24 миллион долларға ғана өскен. Жыл басынан бері американдық валютаның ең көп сатылған уақыты ақпан айында болған, ол кезде Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде 1,3 миллиардтан астам доллар сатылған.
Доллардың сатылуы сатып алудан екі есеге артық болып отыр, сәуір айында 478 миллион доллар сатып алынған. Сондай-ақ 153 миллион еуро сатылып, 85 миллионы сатып алынған.
Ресей рублінің де сатылым деңгейі өткен айдағы қалпында сақталған. Айырбастау пункттеріндегі сәуір айы бойынша 1,5 миллиард рубль сатылса, 951 миллион рубль сатып алынған.