Accessibility links

АҚШ вице-президенті Сербияда


АҚШ вице-президенті Джо Байден сәрсенбі күні Сербияға барды. Бұл екі ел арасындағы байланыстар Косовоға қатысты шиеленісе түскен болатын.

Сербиядағы көптеген халық АҚШ-ты Сербияға қарсы ел деп сипаттайды себебі 1999 жылы АҚШ жетекшілігіндегі НАТО күштері Сербияны бомбылаған болатын. Сондай-ақ Вашингтон өткен жылдың ақпан айында тәуелсіздігін жариялаған Косовоға қолдау танытты.

Байденнің айтуынша, АҚШ Белградтан таяу арада Косовоның тәуелсіздігін қабылдайды деп күтпейді бірақ Вашингтон Сербия Косоводағы ЕуроОдақ өкілдерімен ынтымақтасады деп үміттенеді. Сербия билігі Байденнің сапарына байланысты елдегі қауіпсіздік шараларын күшейтіп отыр.
XS
SM
MD
LG