Accessibility links

Бас прокуратура «Өкіл қайын ата» кітабының жарық көруіне байланысты қылмыстық іс қозғады


Қазақстанның Австриядағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабының жарыққа шығуына байланысты Қазақстанның Бас прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 143 бабының 2-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

«Қазір бұл кітапты біз заттай айғақ ретінде қарастырып отырмыз», - деген агенттікке берген сұхбатында Алматы прокурорының орынбасары Бағбан Тәйімбетов.

Ол сондай-ақ, жақында Алматы прокуратурасына «Республика – деловое обозрение» және «Взгляд» газеттерінің бас редакторлары шақырылып, оларға аталмыш кітаптың жарық көруіне байланысты қылмыстық іс қозғалғаны ескертілгенін растады.

"Атышулы кітап мазмұнымен прокуратура қызметкерлері танысқан ба?" деген ҚазТАГ тілшісінің сауалына Б.Тәйімбетов: «Жоқ, оны ешкім оқыған емес» деп жауап берген.
XS
SM
MD
LG