Accessibility links

Молдова парламенті президентті сайламады


Молдова парламенті президентті сайлай алмады. Парламенттік сайлау комиссиясының басшысы Валериу Саваның мәлімдеуінше, биліктегі Коммунисттік партияның кандидаты премьер-министр Зинаида Грецеании 60 дауысты иеленген яғни оның толық жеңуіне бір ғана дауыс жетпей қалған. Оппозициялық партиялар сәрсенбі күнгі дауыс берулерге бойкот жариялады. Грецеании президент Владимир Ворониннің орнына сайланады деп күтілген еді.
XS
SM
MD
LG