Accessibility links

Қытай премьері: ЕуроОдақ ішкі істерге араласпауы тиіс


Қытай премьер-министрі Уен Жибао Еуропа Одағы Қытайдың ішкі істеріне араласпауы тиіс деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Прагада өткен Қытай-ЕроОдақ саммитінен кейін айтты. Басқосуда екі жақ арасындағы экономикалық байланыстарын нығайту мәселесі талқыланды.

Алғашында желтоқсан айына белгіленген саммитке Бейжің Франция президенті Николя Саркози мен Тибет көсемі Далай-ламаның кездесуіне қарсылық ретінде қатысудан бас тартқан болатын.

Дүйсенбі күні Чехияның бұрынғы президенті Вацлав Гавел ЕуроОдақты басқосуда адам құқықтары мәселесін көтеруге шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG