Accessibility links

Алматы әкімшілігі жер сілкіну қаупін жоққа шығаруда


Кеше Жамбыл облысында сейсмологтардың 25 мамырға дейінгі уақытта MSK-64 бағанымен өлшегенде күші 5 балдық жер сілкінісін болжағаны туралы ақпарат таратылған еді.

Ол ақпаратта Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Кәрім Көкірекбаевтың сейсмология ннституты» ЖШС-нің болжау комиссиясы мен Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып, 5 сәуірден бастап Мерке станциясында жүргізген гидрогеохимиялық, гидрогеодинамикалық және геофизикалық бақылаулар нәтижесі көрсеткендей, Қырғыз жотасындағы сейсмикалық жағдайдың тұрақсыздығына орай, жер сілкінісі болуы мүмкін, — деп хабарлағаны айтылған.

Ал Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов КазТАГ ақпарат агенттігіне берген сұхбатында бұл ақпараттың шындыққа сәйкеспейтінін мәлімдеді. Сондай-ақ ол Алматы қаласы бойынша төтенше жағдайлар комитетінің басшысымен, сейсмология институының сарапшыларымен сөйлесіп, олардың таяуда Алматыға жер дүмпуінің қаупі жоғын хабарлағанын жеткізді.

Бішкекте де осындай әңгіме тараған, сол себепті бүгін Алматыдағы сейсмология институында шұғыл баспасөз мәслихаты өтеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG