Accessibility links

Қазақстан өзінің 27 азаматына қатысты Өзбекстанмен келіссөздер жүргізуде


Өзбекстанда қамауда отырған Қазақстанның 27 азаматын ҚР әділет орындарына беру жөнінде Өзбекстанмен келіссөздер жүргізілуде, — деп мәлімдеді ҚР бас прокуратурасының ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 30-ға тарта жалдамалы жұмысшы бірнеше жүк көліктеріне мініп, Шалқар бағытымен Ақтөбе қаласынан Маңғыстау облысына қарай жолға шыққан. Бірақ қарлы боранның салдарынан адасып, Өзбекстан аумағының шекарасына өтіп кеткен. Өзбек шекарашылары оларды ұстап алып, Нүкістегі тергеу абақтысына жеткізген.

«Біздің 27 азаматымызға қатысты Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметі қылмыстық іс қозғап, оларды тұтқынға алды. Бұған қоса Ақтөбе облыстық ІІД бұл заңсыз әрекеттің ұйымдастырушысына қатысты экономикалық контрабанда дерегі бойынша да қылмыстық іс қозғады. Олардың бәрі қазіргі уақытта соттың санкциясымен тұтқындалған. Оқиға орнындағы жағдайды анықтау үшін жедел тергеу тобы Өзбекстанға аттанды. Қазір Өзбекстан жағымен бұл азаматтарды ҚР әділет орындарына беру жөнінде келіссөздер жүргізілуде, егер бұл жүзеге асса, олар қылмыстық сот өндірісі тәртібімен тергеледі», — деді Сапарбек Нұрпейісов.
XS
SM
MD
LG