Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстан арқылы тасымалданатын есірткі көлемін азайтамыз


ТМД елдерінің үкімет басшыларымен кездесуде ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты ТМД елдерін қылмыспен бірлесе күресуге шақырды, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».

«Экономикалық ахуалдың нашарлауына байланысты қылмыс та артады, онымен бірлесе күресу қажет, бұл әсіресе есірткі саудасына қатысты. Өкінішке орай, есірткі тасымалы басқа елдерге Ауғанстаннан Қазақстан арқылы өтеді. Біздің үкіметіміз ауқымды бағдарлама қабылдады, ірі көлемде қаржы бөлінді және біз Қазақстан арқылы тасымалданатын есірткі көлемін анағұрлым азайтамыз деген мақсат қойып отырмыз», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
XS
SM
MD
LG