Accessibility links

Алматыда аниматорлар форумы өтеді


Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы қаласында 30 мамыр 5 маусым аралығында «ANIFEST’09» аниматорлар форумы өтеді.

Фестивалдің ұйымдастырушысы A2B (www.arttobusiness.net) қоғамдық қоры. Қолдаушылар: Алматы қаласының әкімдігі, «Қазақфильм» киностудиясы, British Council, Goethe Institute, Ашық қоғам институты, Франция, Япония, Германия және Польша елшіліктері, Air Astana авиакомпаниясы, Bamboo club және Transforce виртуалды саяхат кешені.

Жаңа аниматорлар фестивалінің мақсаты – жаңа заманғы анимациялық өнерді Орталық Азияда танымал ету және түрлі мемлекеттердің студияларының қатысуымен анимациялық жобаны жүзеге асыру.

Жобаның тақырыбы – аниматорлар манифесті, олардың национализм, шовинизм, нацизм, расизм сияқты қоғамның мәселелерге қатысты азаматтық көзқарастарын білу. Фильмдер Star Cinema (Mega және Sity Plus сауда кешендері), Silk Way City, Иллюзион (Maxima сауда кешені) мультиплекстерінде көрсетіледі.
XS
SM
MD
LG