Accessibility links

СЕУЛ: Өлер алдында экс-президент хат қалдырды


Оңтүстік Кореяның сенбі күні қазаға ұшыраған экс-президенті Но Му Хен өзінің өмірден безуінің себептерін түсіндірген өлер алында хат жазып қалдырыпты. Ол туралы Оңтүстік Кореяның баспасөз құралдары хабарлады.
Баспасөздің мәліметіне қарағанда, Но өзінің «көп кісіге кесірі тию мүмкін екенін» айтып, әрі қарай шыдауға мұрша бермеген қысымға тап болғанын мәлімдейді.
Но Му Хен – таңғы серуен кезінде терең тау шатқалына құлап қаза тапты.
Соңғы уақытта экс-президенттің жақын маңайындағыларға, оның ішінде өзінің зайыбына қарсы «жемқор» деген айып тағыла бастады.
Но Му Хен – 2003-тен 2008 жылға дейін Оңтүстік Кореяның президенті болды.
XS
SM
MD
LG