Accessibility links

Афинада мұсылмандардың шеруі қуып таратылды


Грекия астанасы – Афинада наразылық шеруіне шыққан жергілікті мұсылмандар мен полицияның арасындағы қақтыстың салдарынан жұма күні 14 адам, оның ішінде 7 полицей жарақат алды, 46 кісі ұсталды. 75 автокөлік пен бірқатар ғимаратқа нұқсан келді.
Афинаның басқа аудандарымен қатар грек парламентінің алдына жиналған жүздеген адам мұсылман-иммигранттың кафеханасындағы сәрсенбі күнгі тексеру кезінде полиция қызметкерінің құран кітабын қорлап жыртуына наразылық білдірді.
Шеруді қуып тарату кезінде полиция көзден жас ағызатын газ бен шулы гранаттарды қолданды. Шерушілер полицияны таспен, таяқтармен атқылады.
XS
SM
MD
LG