Accessibility links

Қырғызстан ХВҚ-нан 25 млн. доллар көмек алады


Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) ғаламдық қаржы дағдарысының салдарымен күресу үшін Қырғызстанға 25 миллион доллар қаржы бөлуді мақұлдады.
Халықаралық валюта қорының үлестіруші директорының орынбасары Мурилу Португал атап көрсеткендей, дағдарыстың Қырғызстанға тигізген кесірі күткендегіден әлдеқайда ауыр болды.
Қырғызстанға көмек берудің 2008 жылы желтоқсанда бекітілген бағдарламасының жалпы сомасы 102 млн. Долларды құрайды. Соңғы шешімді еспке алғанда, осы күні Қырғызстанға 51 млн. Доллар қаржы бөлініп қойды.
XS
SM
MD
LG