Accessibility links

Пәкістан армиясы тәліптерге ойсырата соққы беруде


Пәкістан армиясының басшылығы хабарлағандай, сенбі күні елдің солтүстік-батысында тәліптерге қарсы соғыс операциясын жүргізіп жатқан армия бөлімі Сват жазығының бас қаласы – Мингораға жетіп кірді.
Келіп жатқан мәліметке қарағанда, шайқас қаланың көшелерінде жалғасу үстінде. Кем дегенде 17 тәліптің көзі жойылды, армия жағының адам шығыны туралы хабар жоқ.
Пәкістан армиясы Сват жазығында шариғат ережесін орнату мүмкіндігін беретін бітім шарты бұзылған соң тәліптерге қарсы соғыс қимылын бірнеше апта бұрын бастады. Шайқас басталған уақыттан бері Сват жазығынан 2 миллионға жуық жергілікті тұрғын босып кетті.
XS
SM
MD
LG