Accessibility links

Қытай зілзаладан қираған өлкесін туризмге береді


Қытай үкіметі мәлімдегендей, Сичуань өлкесінің өткен жылғы қуатты зілзаланың салдарынан зардап шеккен аудандарының бір бөлігі туристік аймаққа айналады.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісінен қираған кейбір қала кварталдары мен ауылдар туризмнің нысандары болады. Одан түскен қаражат зардап шеккен аудандарды қалпына келтіруге бағытталады.
2008 жылдың мамыр айындағы қуатты жерасты қозғалысының салдарынан Қытайдың оңтүстік-батысында 87 мыңға жуық халық қырылды, тағы миллиондаған тұрғын баспанасынан айрылып, күй-жайсыз қалды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG