Accessibility links

Өзбекстаннан Ауғанстанға электр желісі тартылады


Сенбі күні Өзбекстаннан Ауғанстан астанасы – Кабулға дейін электр желісін тарту жұмысы басталды.
Ұзындығы 442 шақырымды құрайтын жаңа электр желісі Кабулды қосымша 150 мегаватт электр қуатымен қамсыздандыруға тиіс. Бұл ауған астанасы мұқтаж болып отырған электр қуатының тең жартысы.
Ауған президенті Хамид Қарзай Кабулдың сыртындағы Хантала шағын электр бекетін салу рәсіміне қатысты.
Жалпы құны 250 млн. АҚШ доллар құрайтын жобаны Азияның даму банкі мен Үндістан үкіметі қаржыландырады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG