Accessibility links

«Қазатомпромның» 3 вице-президенті тұтқындалды


Тәуелсіз «Республика» газетінің хабарлауынша, сенбіге қараған түні, 23 мамырда «ҚазАтомӨнеркәсібі» ұлттық компаниясының 5 вице-президентінің үшеуі – Дмитрий Парфенов, Асқар Қасабеков және Малхаз Цоцория қамауға алынды. Олардың пәтерлеріне тінту жүргізілді.Қазақстанның ресми мекемелері бұл хабарды әзірше не теріске шығармай, не растамай отыр.

«ҚазАтомӨнеркәсібі» ұлттық компаниясының президенті Мұхтар Жәкішев «Бас прокуратураның ұсынысымен» қызметінен алында деген хабарды «Самұрық-Қазына» ұлттық игілік қоры таратты. Сенбі күні Бас прокуратураның баспасөз-қызметінің жетекшісі Сәулебек Жәмкенұлы осылай деп мәлімдеді. Ол Бас прокуратураның «ҚазАтомөнеркәсібін» тексеріп жатқанын растаса да, М.Жәкішевті қызметінен алуға ұсыныс бергенін теріске шығарды.

Ал «Азат» демократиялық партиясының лидері Болат Әбілов Азаттық радиосына М.Жәкішевтің тұтқындалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, сенімді ақпарат көзінің мәліметі бойынша, өткен бейсенбі күні кешке қарай «ҚазАтомӨнеркәсібі» компаниясының экс-президенті қамауға алынды. Бірақ оған ресми түрде әзірше ешқандай айып тағылмаған сияқты.
XS
SM
MD
LG