Accessibility links

Маңғыстауда 150 мұнайшы астан ұшынды, 84-і ауруханада


Маңғыстау облысындағы мұнайшылардың «Ерсай» кентінде астан ұшынғандардың саны 150 адамға жетті. Ол туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар бойынша министрлігі хабарлады.
Өткен бейсенбі күні кешке қарай 146 жұмысшы дәрігерлік көмек сұрап келген және кенттің аумағында карантин ережесі орнатылып, 84 жұмысшы ауруханаға жатқызылған. Барлығына да астан қатты ұшынған немесе «ауыр энтрит» деген бастапқы диагноз қойылды.
Қазір тамақтан ұшынудың себептері тергелу үстінде.
XS
SM
MD
LG