Accessibility links

Пәкістан армиясы тәліптерді Сват жазығынан ығыстыруда


Пәкістан армиясы Сват жазығының ең ірі Мингора қаласы үшін шайқасу үстінде. Қала тәліптердің қолында болып келді.
Армияның хабарлауынша, қала қоршауға алынды, қару-жарақ пен оқ-дәрі қоймаларының басым бөлігі жойылды. Алайда, үкімет армиясының дерегі бойынша, қалада 20 мыңға жуық тұрғын қалды. Бейбіт халықты қырып алмау үшін қаланы азат ету операциясы баяу іске асырылуда.
Бір мәліметке сәйкес, Сват жазығындағы шайқасқа 4 мыңға жуық тәліп жұмылдырылды. Сенбі күні 17-сінің көзі жойылғаны хабарланды.
БҰҰ-ның мәліметі бойынша, соғыс қимылдарының салдарынан Сват жазығын 1.5 миллионнан астам тұрғыны тастап босып кетті.
Пәкістан армиясы тәліптерге қарсы жорығын 2 мамырда бастады.
XS
SM
MD
LG