Accessibility links

Facebook өз сайтының Иранда ашылмауын тергейді


АҚШ-та орналасқан Facebook әлеуметтік желісі өзінің интернет сайты Иран аумағында ашылмайды деген хабарды тергемекші.
Facebook-тің Франс-Пресс агенттігі таратқан мәлімдемесінде ол сайтты Иран үкіметінің қасақана жабу мүмкіндігіне көңілі қалғандығы айтылады.
Оның алдында Иранның ILNA агенттігі хабарлағандай, Иран үкіметі 12 маусымға белгіленген президент сайлауы қарсаңында сайлауға оппозициядан түсетін үміткер Мир-Хоссеин Муссавидің үгіт-насихатын шектеу үшін Facebook сайтын жабу мүмкіндігін қарастыру үстінде. Facebook үкіметтің бұл әрекетін ақпарат алуға қойылған шектеу деп есептейді.
XS
SM
MD
LG