Accessibility links

«Қазақ хандығы» қоғамдық қоры Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатпақшы


Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Қазақ хандығы» деп аталатын қоғамдық қор ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш орнатуды жоспарлап отыр, — деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның ақпаратынша, болашақ ескерткіштің құны 50 миллион теңге шамасында. Дегенмен «Қазақ хандығы» қоры тек ескерткіш жобасын әзірлеуге рұқсат алған. Бірақ оның дәл қандай боларын жоба авторлары әлі нақты шешпепті. Әзірге оның үш нұсқасы қаралуда.

«Қазақ хандығы» қоғамдық қорының басшылығы ескерткішке жұмсалатын қаржының бір бөлігін өздері тауып және демеушілердің көмегіне сүйенетіндіктерін, мемлекеттік көмектен бас тартатындарын айтуда.
XS
SM
MD
LG