Accessibility links

Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Павлодар облысына барады


Бүгін ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Павлодар облысына бармақ.

Сапар барысында үкімет басшысы аймақтың индустриалдық-технологиялық дамуымен, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылыстарымен танысады. Сондай-ақ көмірді жаңа технологиямен өндіріп жатқан Екібастұздағы «Восточный» кенішінде және қуаттылығы 12 МВт ТЭЦ –тің жұмысын көріп, «Таман» ЖШС вагон жөндеу зауытында болады.

Сонымен бірге сапар аясында Ақсу ферроқорытпа зауыты, агломерация цехы мен жаңа типті гимназия құрылысымен танысу жоспарланған.
XS
SM
MD
LG