Бүгін «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев пен оның үш орынбасарының тұтқындалғанына байланысты «Алға» және «Қазақстан Коммунистік партиясының» өкілдері баспасөз мәслихатын өткізеді.
Бұл туралы Азаттыққа түсініктеме берген «Қазақстан Коммунистік партиясының» жетекшісі Серікболсын Әбділдин: «Біз тіркелмесе де «Алға» партиясымен бірігіп «Халықтық билік» саяси блогын құрғанбыз, бүгінгі баспасөз мәслихатында сол туралы аз-кем айтпақпыз. Басты тақырып саяси жағдай, жас кадрлардың үстінен көп іс қозғалуы біздің еліміз үшін дұрыс емес деген пікірімізді айтамыз. Мұхтар Жәкішевтің қызметінен босатылуы орынсыз, оның ешқандай кінәсі жоқ, мұның барлығын зорлық деп есептейміз», — деді.