Accessibility links

ҚР ІІМ аппаратының жетекшісі тағайындалды


ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен ІІМ аппаратының жетекшісі болып Әсет Ақанов тағайындалды, — деп мәлім етті ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов.

Оның айтуынша, Әсет Ақановтың жұмыс тәжірибесі жеткілікті. Ол 1995 жылдан бастап Ақмола облыстық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, 1999 жылы ҚР ІІМ кадрлық жұмыс департаменті бастығының орынбасары, 2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін ҚР ІІМ орталық аппаратында жетекшілік қызметтер атқарған.
XS
SM
MD
LG