Accessibility links

Қайрат Әйтекенов: Қазақстан даму банкі инвестициялық жобаларға 150 миллион долларға жуық қаржы бөледі


Қазақстанның даму банкі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қосымша 150 миллион долларға жуық қаржы бөледі, — деп хабарлады «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқарма төрағасының орынбасары Қайрат Әйтекенов.

«Қазір Қазақстан даму банкінің инвестициялық портфелінде 26 жоба бар, олардың құны 19,5 миллиард долларды құрайды. Банк Шымбұлаққа 100 миллион доллардан аса, Тараз металлургия зауытына 40-60 миллион доллар несие ресурсын бөледі. Бұл қаржылар ұлттық қордан бөлінген қайтарылуы тиіс ресурстар, сондықтан жобаның тиімділігі мен банк сараптамасы міндетті», — деді Қ. Әйтекенов.

Сондай-ақ оның айтуынша, ірі инвестициялық жобалардың арасында Ақтау теңіз порты мен Балқаш жылу энергетикалық станциясы және Мойнақ су электр станциясы бар.
XS
SM
MD
LG