Accessibility links

Иран мен Пәкістан газ келісімін жасады


Иран мен Пәкістан газ келісіміне қол қойды. Оған сәйкес, Иран газы Пәкістан арқылы Үндістанға жеткізілмек. Иранның ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл келісім жексенбі күні Иран президенті Махмуд Ахмадинежад пен Пәкістан президенті Асиф Али Зардари және Ауғанстан президенті Хамид Қарзайдың басқосуы барысында жасалған.

Бейбітшілік құбыры деп аталатын жоба арқылы күніне шамамен 150 миллион текше метр газ тасымалданады деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG