Accessibility links

Израиль қорғаныс министрі АҚШ-қа барады


Израиль қорғаныс министрі Ехуд Барак алдағы аптада Вашингтонға барып, американдық әріптесі Роберт Гейтспен кездеседі. Келіссөздер барысында Иранның ядролық талпыныстары талқыланбақ. Сонымен қатар Ехуд Барак АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен және Обаманың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джэймс Джонспен сондай-ақ Таяу Шығыстағы арнайы өкіл Джордж Митчелмен кездесуді жоспарлап отыр.

Өткен аптада Израиль премьер-министрі Бинямин Нетаняху АҚШ президенті Барак Обамамен кездескен болатын. Сапар барысында Палестина мемлекетінің болашағына қатысты АҚШ пен Израиль арасындағы келіспеушіліктер мәселесі көтерілді.
XS
SM
MD
LG