29 мамырда Душанбеде «ЕО үштігі - Орталық Азия елдері» форматында сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді, оған Қазақстанның сыртқы істер министрі Марат Тәжин қатысады және форум аясында ол бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді, — деп мәлім етті ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев.
Ресми өкілдің мәліметінше, екікүндік форумда Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ ағымдағы ықпалдастық мәселелерін, Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы 2013 жылға дейінгі өңірлік стратегиясын бірлесе жүзеге асыру, өңірлік ынтымақтастық, экономикалық дағдарыстың саудаға, инвестициялар мен көші-қонға әсері және қауіпсіздікке қатысты бірқатар мәселелерді талқылау жоспарлануда.