Accessibility links

Серік Ахметов: ҚР үкіметі тұрғын үй-коммуналдық саласын жаңалауға қаржы бөлмек


ҚР үкіметі тұрғын үй-коммуналдық саласын жаңалау және дамыту тұжырымдамасы мен 2010 - 2014 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекітті, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».

«Тұжырымдама іс-шаралары мен жоспарды қаржыландыру үшін жыл сайын 60 млрд теңге бөліп отыру жоспарланған. Бес жылда 300 млрд теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 200 млрд теңге бөлу көзделіп отыр», — деді ҚР үкімет басшысының орынбасары Серік Ахметов.

Оның айтуынша, қаржылар коммуналдық желілерді жөндеу жобаларын жүзеге асыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын құжаттандыруға және техника-экономикалық негіздемелерді өңдеуге жұмсалады.

С. Ахметовтің мәліметінше, Қазақстанда жалпы аумағы 260 млн шаршы метрді құрайтын 2 млн-ға жуық тұрғын үй бар. Оның 4 млн шаршы метрге жуығы бұзылуға тиіс. Тоқ сатылардың үштен бір бөлігінен астамын ауыстыру немесе күрделі жөндеу қажет. Коммуналдық желілердің ескіруі 60 - 75%-ға, жылу, су және электр қуатының шығындары - 20 - 30%-ға жетеді. Жалпы алғанда 5 мыңдай нысан бой көтеріп, шамамен 250 мың жұмыс орны құрылмақ.
XS
SM
MD
LG