Accessibility links

Пхеньян бүгін қысқа қашықтыққа арналған 2 зымыранын ұшырды


Бұл жөнінде Оңтүстік Кореяның Ионхап ақпарат агенттігі хабарлауда. Солтүстік Корея осылайша, өзінің шығыс жағалауынан мамырдың 26-сы күні жерден әуеге бағытталған бір және жерден кемеге бағытталған бір зымыранын ұшырды. Әр зымыран 130 шақырымға жете алады, дейді хабарлар. Солтүстік Кореяның дүйсенбіде өткізген екінші ядролық сынағына халықаралық қауымдастық наразылық танытуда.
XS
SM
MD
LG