Accessibility links

Пәкістан оппозиция басшысы сайлауға түсе алады


Пәкістан Жоғарғы соты оппозиция басшысы, бұрынғы үкімет басшысы Наваз Шарифке салынған тиымды бүгін алып тастады. Бұл шешім арқылы Шариф 2013 жылы болатын жалпы ұлттық сайлауға үміткер ретінде қатыса алады. Сауалнамаларға қарағанда, ол Пәкістандағы ең танымал саясаткер болып отыр. Генерал Первез Мушараф 1999 жылы Наваз Шарифті биліктен кетірген болатын. Наваз Шарифтің және оның бауыры Шахбаздың сайлауға түсулеріне тиым салған, биылғы жылғы ақпанның 25-дегі сот шешімі елде жаппай наразылықтарды туындатқан еді.
XS
SM
MD
LG