Accessibility links

Байқоңырға әкелінген телекоммуникациялық жер серігі шілдеде ұшырылады


Ан-124 «Руслан» ұшағы АҚШ-тың Sirius FM5 телекоммуникациялық жер серігін Байқоңыр ғарыш айлағының «Юбилейный» әуежайына жеткізді, — деп хабарлайды Роскосмостың баспасөз қызметі.

Кедендік процедуралардан өткеннен кейін жер серігі 92А-50 алаңының монтаж-сынақ корпусына жеткізілді, бұл жерде аталаған аппарат ұшырылуға дайындалады.

Дайындық жұмыстарынан өткен Sirius FM5 телекоммуникациялық жер серігі «Протон-М» зымыраны және «Бриз-М» үдеткіш блогымен бірге 2009 жылдың шілде айының басында ұшырылады деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG