Accessibility links

Тіл жөніндегі комитеттің бұрынғы басшысы Ерден Қажыбекке іздеу жарияланды


Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың хабарлауынша, Мәдениет және ақпарат министрлігі тіл жөніндегі комитеттің бұрынғы басшысы Ерден Қажыбекке сырттай айып тағылған.

«Мәдениет және ақпарат министрлігі тіл жөніндегі комитетінің басшысы 2007 жылы қазақ-орыс-ағылшын тілдеріндегі онлайн сөздігін жасау бойынша орындалмаған жұмыстың үш актісіне қол қойып жіберге және қызметтің ақысын 100 пайыз жүзеге асырған. 20 министрлік пен ұлттық компания, сондай-ақ мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі 12 мемлекеттік мекеменің ақпаратынша, үш тілді сөздік қолданыста жоқ», — деді Мұрат Жұманбай.

Қаржы полициясы өкілінің айтуынша, мемлекетке келтірілген залалдың алдын-ала анықталған көлемі 65 млн теңгені құрайды. Айыпталушыға іздеу жарияланған, қазір іздеу шаралары жүргізілуде.
XS
SM
MD
LG