ҚР Қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғалары 191 млн-нан астам теңгені жымқырды деп күдіктелінеді, — деп хабарлады Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай.
Ресми өкілдің айтуынша, агенттік Қапшағай қаласындағы әскери бөлімнің біріне жаңа тренажерлік құрал-жабдықтар сатып алуға бюджеттен бөлінген 191 млн 800 мың теңге қаржыны жымқырды деген дерек бойынша ҚР Қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғаған. Аталған құрал-жабдықтар сатып алынбаған, ал қабылдап алу актісі пайдаланылған ескі тренажерларға жасалған.