Accessibility links

Атырауда өзін-өзі өртеген адам есін жимастан ауруханада көз жұмды


Мамырдың 26-сы күні кешке Атырау облыстық ауруханасының реанимация бөлімінде жатқан Қабидолла Шолақов есін жимастан қайтыс болды. Бұл туралы Азаттыққа марқұмның туыстары сәрсенбі күні хабарлады.

Ол сол күні күндіз облыстық прокуратура алдында өзін-өзі өртеген болатын. Дәрігерлер қолдарынан келгеннің бәрін жасағанымен тәні тұтастай күйіп қалған науқасты құтқару мүмкін болмады дейді. Ауыр күйіктен оңала алмаған Қ.Шолақовтың ағасы Құбайдолла Шолақов, Азаттық тілшісіне, марқұмның отбасындағы жағдайдың өте ауыр екенін жеткізді.

– Енді біз айыпты деп саналып отырған баламыздың тағдыры үшін алаңдаулымыз, – деді ол.

Туыстары марқұмды мамырдың 28-і күні Атыраудың іргесіндегі Қызылжар ауылында, ата-анасы мен туыстары жатқан зиратқа жерлейтіндерін айтып отыр.
XS
SM
MD
LG