Бүгін Ауғанстанның шығысында талибан жауынгерлерінің торуылына түскен аудан басшысы мен оның үш баласы құрбан болды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Пактика провинциясындағы Омна ауданының басшысы Мохаммад Надер ұлдарымен Пәкістанмен шекаралас өз ауданында қыдырып жүргенде шабуылға тап болған. Ресмилер бұл шабуылға талибандарды айыптап отыр.