Accessibility links

«Қазақ альманағы» журналы жарық көрді


Жаңа басылымның алғашқы санында берілген алғысөзде журналдың көздеген мақсаты былай түсіндіріліпті: «Ұлтты дамыту, сапалы қазақ қалыптастыру сынды мұраты зор тақырыпта тұщымды да, тұжырымды еңбектер әр жерде жарық көріп жатқаны рас. Алайда олардың басы біріккен басы бүтін бір басылымның жоқтығы анық сезіледі. Сондықтан «Қазақ альманағы» ақпарат айдынында орны бос тұрған осы кеңістікке қол жеткізуді мақсат санайды. Аты айтып тұрғандай, «Қазақ сөзі», «Қазақ саясаты», «Қазақ идеясы», «Қазақ даңқы», «Қазақ жобасы» сынды айдарлары альманахтың мақсатын айқындап береді».

Алайда қазақтың атынан айғайлап тұрған жаңа альманахтағы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас мақаласы тек орыс тілінде беріліпті. Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің мақаласы да орыс тілінде жазылыпты. Саясаттанушы Әзімбай Ғали да орыс тілінде көсіліпті. «Қазақ альманағы» журналының бас редакторы Берік Әбдіғалиев Асқар Ахмеджановпен орыс тілінде сұхбаттасыпты.
XS
SM
MD
LG