Ақмола облысындағы Сандықтау ауданында «Балкашино» серіктестігінің бұрынғы жерді жалға алушылары мен Лесное, Речное, Граникова, Михайлова ауылы шаруаларының арасында туған жер дауы өршіп барады. Екі аптадан бері осы ауылдың 300 ге жуық жер иеленушілері алқаптарды тастап кетпей, наразылық танытып жатыр. «Қазақстан Бүгін» агенттігінің хабарлауынша, қазір бұл аймақтағы полиция сақшыларының кезекшілігі күшейтілген.
«Жергілікті билік бір жыл бойы 2008 жылдың 25 маусымындағы Жоғарғы соттың бақылау алқасының «Балкашино» серіктестігінен шыққан әр шаруаға 21,2 гектар жер үлесін бөліп беру туралы қаулысын орындамай отыр. Аудан әкімшілігі, Ақмола облыстық прокуратурасының 13 сәуірге шейін, біздің жерге байланысты құқымызды растайтын құжаттарды беру туралы талабын қанағаттандырған жоқ», - дейді Лесное ауылының тұрғыны Вера Кононова.
Егіс жұмыстарының аяқталуына екі апта қалғандықтан, жергілікті шаруалар астық өнімінсіз қалудан қауіптеніп отыр. «Бізге тиесілі 7 мың гектар жердің 40 гектарына ғана дәнді-дақыл себілді. Дәнді-дақылды себуге кедергі келтірген жердің бұрынғы жалға алушылармен төбелесуге шейін барып жатырмыз. Тіпті, екі жақтың теке-тіресінің ақыры қантөгіске әкеліп соқтыра ма, деп те қауіптенеміз»,-дейді, ауыл тұрғындары.