Accessibility links

«Алға ДВК» қозғалысын тіркеуге рұқсат берілмеді


Шын мәнісінде сот «Алға ДВК» қоғамдық бірлестігін жоюды ұйғарды, деп хабарлайды аталған оппозициялық ұйымның басшысы Владимир Козлов Азаттық радиосының тілшісіне. «Кеше Астанада ауданаралық экономикалық сот бас прокуратураның арызын қанағаттандырып, 2007 жылғы әділет министрлігі тіркеу қызметі комитетінің «Алға ДВК» қозғалысын тіркеу туралы бұйрығын жою туралы үкім шығарды», -дейді Владимир Козлов.

Владимир Козлов бұл сот шешімінің артында саяси астар бар деп есептейді. «Билік ҚДТ –ны (Қазақстанның демократиялық таңдауы) еске салатын ұйымнан құтылғысы келіп отыр. Бас прокуратураның арызында біздің бірлестіктің осы сипатына баса назар аударылған», дейді ол.

Бұдан бұрын Алматыда өткен сотта, тіркеуден өтпеген «Алға» оппозициялық партиясының атынан сөйлеп жүрген Владимир Козловқа айыппұл салынған болатын.
XS
SM
MD
LG