Accessibility links

Ресмилер: Ауғанстанда ондаған бүлікші өлтірілді


НАТО күштері мен ауған полициясы елдің оңтүстік-шығысындағы Пактика өлкесінде Талибан бүлікшісі деп күдіктелген 34-ке жуық адамды өлтірді. Бұл провинция Пәкістанмен арадағы шекарада орналасқан. Ауған ресмилерінің айтуынша, қауіпсіздік күштеріне аймақтағы Талибан мүшелерінің жиыны туралы хабарланған, сөйтіп әскерилер құрлықтағы операциясы мен әуе шабуылдарын бастаған. Бұл шайқастарда НАТО-ның бір сарбазы жараланды деп хабарланып отыр.

НАТО баспасөз хатшысы Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы әскери шара туралы хабарды растады бірақ бұл шабуылдардан 27 бүлікші қаза тапты деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG