Accessibility links

Қазақстан премьері Алматыға келмекші


Ертең Алматыға жұмыс сапарымен ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов келеді, — деп хабарлайды Алматы қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі.

Сапар барысында премьер-министр метрополитеннің «Райымбек» -«Жібек жолы» станциялары аралығындағы бөлігінің және Шығыс айналма көлік жолының құрылысымен танысып, салынып жатқан жедел жәрдем ауруханасына барады.

Сондай-ақ үкімет басшысының жұмыс кестесінде Б. Шолақ атындағы спорт сарайын, «Медеу» және «Шымбұлақ» кешендерін аралау да бар.
XS
SM
MD
LG