Accessibility links

Иран мешітіндегі жарылыстан 19 адам қаза тапты


Иранның оңтүстік шығысындағы мешітте орын алған жарылысқа байланысты АҚШ айыпталып отыр. Фарс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Систан-Балучистан өлкесіндегі үкімет кеңсесінің ресми өкілі Жалал Саях шабуылды ұйымдастыруға қатысқан күдікті 3 адам қамауға алынды, оларды Америка жалдады деп мәлімдеді.

Өлкенің астанасы Захедандағы шииттердің мешітінде бомба жарылып, кемінде 19 адам қаза тауып, 125-тен аса адам жараланды деп хабарланған болатын. Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті ешкім өз мойнына алмады.
XS
SM
MD
LG