Accessibility links

Обама мен Аббас Вашингтонда кездесті


АҚШ президенті Барак Обаманың мәлімдеуінше, Таяу Шығыстағы бейбітшілікке қол жеткізу мақсатында Израиль Батыс жағалаудағы қоныстарын кеңейтуді тоқтатуы тиіс. Сонымен қатар палестиналықтар да Батыс жағалауда қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселесінде өз міндетін орындауы керек, деді Обама. Бұл туралы ол Вашингтондағы кеңсесінде Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббаспен кездесуі барысында мәлімдеді.

Ал бұл екі арада Израиль Батыс жағалауда еврейлердің қоныстарын салуды тоқтату туралы АҚШ-тың талабын қабылдамады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG