Accessibility links

БҰҰ басшысы Грузия айыптауларын жоққа шығарды


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун Грузия айыптауларын жоққа шығарды. Грузияның БҰҰ-дағы елшісі Александр Ломайа Пан Ги Мунның соңғы баяндамасына Ресей ықпал етті деп айыптады. Ресей бұл тұжырымды жоққа шығаруда. БҰҰ-ның бұдан бұрынғы баяндамаларында қос жікшілдік аймақ - Абхазия мен Оңтүстік Осетия - Грузияның бір бөлігі деп айтылған еді. Алайда мамырдың 18-де жарияланған соңғы баяндамада бұл анықтама түсіп қалған.

Өткен жылы Ресей мен Грузия арасында Оңтүстік Осетияға байланысты қақтығыс орын алған болатын.
XS
SM
MD
LG