Accessibility links

АҚШ Пхеньянның ядролық қарулануына жол бермейді


Бүгін Құрама Штаттар Солтүстік Кореяны ядролық қарулы мемлекет ретінде қабылдай алмайтынын ескертті.
АҚШ қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс бұл туралы Сингапурдағы қауіпсіздік форумында мәлімдеді. Оның айтуынша, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы мен әрекеттері аймақтағы бейбіт ахуал мен қауіпсіздікке қатер төндіріп тұр, сондықтан Вашингтонның мақсаты корей түбегінің ядролық қарусыздануына көз жеткізу.
Аймақтағы жағдай Пхеньян дүйсенбі күні екінші рет атом бомбасының сынағын жасаған соң және 1953 жылы аяқталған корей соғысын тоқтату келісімінен бас тартқаннан кейін қайтадан ушығып барады.
XS
SM
MD
LG