Accessibility links

Оңтүстік Осетияда халық парламенттік сайлауға белсенді қатысуда


Грузияның жікшіл аймағы Оңтүстік Осетия халқы бүгінгі парламенттік сайлауға қатысуда. Ресмилер дауыс беру учаскелері ашылған алғашқы сағатта-ақ 19 пайыз дауыс берілді деді.
Бұл дауыс берулер Грузия мен Ресейдің бұл аймаққа қатысты қақтығысына 10 ай болған тұста өтіп отыр.
Сайлауға 4 партия түсіп, парламенттегі 34 орынға бақталасып жатыр.
Аймақтың жікшіл президенті Эдуард Кокойтының қарсыластары билікті дауыс беруге кедергі келтіріп жатыр деп айыптады.
Өткен жылы тамыз айындағы соғыста Грузия күштері жеңіліс тапқан соң, Ресей Оңтүстік Осетияның тәуелсіздігін мойындаған болатын.
XS
SM
MD
LG