Accessibility links

Ереванда жергілікті биліктің сайлауы өтуде


Армения астанасы Ереванның дауыс берушілері жергілікті билікті сайлауға қатысып жатыр. Бұл өткен жылы қанды қақтығысқа себеп болған Арменияның президенттік сайлауынан кейін өтіп отырған бірінші көппартиялық дауыс берулер болып отыр.
Өткен жылғы сайлаудан кейін дауыс берулер әділетсіз өтті деген оппозиция қолдаушылары мен полиция арасындағы қақтығыста 10 адам қаза тапқан. Ол сайлауда қазіргі президент Серж Саркисян жеңіске жеткен еді.
Сол кездегі президенттік сайлауға түскен оппозициялық кандидат Левон Тер-Петросян бүгінгі жергілікті сайлауда қала әкімдігіне Арменияның ұлттық Конгресі атынан түскен оппозициялық кандидат.
Биліктің Республикандық партиясы қазіргі қала мэрі Гадик Бегларянды қолдап отыр.
Және бүгінгі дауыс берулер Армения тәуелсіздігін алған 1991 жылдан бергі Ереван қаласы мэрінің бірінші сайлауы болып отыр. Осыған дейін қала басшысын президент тағайындап келген.
XS
SM
MD
LG