Иранның қауіпсіздік күштері жергілікті ұшақ ішінен бомба тауып, оны залалсыздандырғанын айтып отыр. Ирандық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, жарылғыш зат сенбі күні кешкісін Иранның батысындағы Ахваз қаласынан Теһранға қарай шыққан ұшақ әуеге көтерілген соң, оның әжетханасынан табылған. Ұшақтың ішінде 131 жолаушы болған. Бомба табылған соң ұшақ бірден Ахвазға қайтарылып, жарылғыш затты сол жерде залалсыздандырған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты