Accessibility links

Ілияс Омаров: Египетте ұсталған сегіз студенттің бесеуі босатылды


Египетте ұсталған шетелдік студенттердің арасында сегіз Қазақстан азаматы болған, құжат тексеруден кейін олардың бесеуін босатқан, қалғандарына қатысты мәселе де шешіліп қалуы тиіс— деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров.

Оның айтуынша, барлық қазақстандық студенттер «Әл-Азхар» діни университетінде оқыған, босатылғаннан кейін де олар Египетте қалған.

Мамырдың 26 –нан 27-не қараған түні Мадинат-Наср кварталындағы студенттер жалға алған пәтерге басып кірген Египеттің арнаулы қызмет өкілдері әр елден келген студенттерді белгісіз бағытқа алып кеткен, олардың 30-ы ресейліктер.

Төтенше жағдайлар жөніндегі заңға сәйкес, Египет билігінің шетелдіктерді санкциясыз ұстауға құқығы бар.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG