Accessibility links

«Қазатомпромның» тұтқындалған басшыларының туыстары баспасөз мәслихатын өткізбек


Бүгін «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев пен оның орынбасарларының туысқандары «Қазақстан арнаулы қызмет өкілдерінің «Қазатомпром» ұлттық компаниясы» бұрынғы басшыларының конституциялық құқын бұзуы» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізеді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «Қазатомпромның» бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев ұсталған соң 4 күн өткеннен кейін, 25 мамыр, дүйсенбі күні ҰҚК оның тұтқындалғанын растаған еді.

ҰҚК –нің баспасөз хатшысы Кенжеболат Бекназаровтың мәліметінше, Мұхтар Жәкішев пен ұлттық компанияның басшылығында болған бірқатар лауазымды тұлғалар «аса ірі көлемдегі қаржыны жымқырған» деген күдікпен ұсталды. ҰҚК оларға қатысты қылмыстық іс қозғады.
XS
SM
MD
LG