Армения сайлау ресмилерінің хабарлауынша, Еревандағы қалалық сайлауларда биліктегі партия 46 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен. Демек 40 пайыздан көбірек дауысқа қол жеткізген Республикандық партияның кандидаты Гагик Бегларян мэр болып қала береді. Бастапқы нәтижелерге қарағанда, биліктегі коалицияның тағы бір мүшесі Өркениетті Армения дауыстардың 22 пайызын иеленген. Ал бұрынғы президент Левон Тер-Петросян жетекшілігіндегі оппозициялық Армения ұлттық конгресі 17 пайыз дауыс жинаған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"